Ер адамның анасы Татьяна Игнатьеваның айтуынша, немересі мен келіні қайтыс болардан бір күн бұрын баласы суицид жасаған, деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы Астана телеранасына сілтеме жасап.
"Таңғы сағат жеті шамасында тергеу бөлімінен адамдар келіп, үлкен ұлымды алып кетті. Қайғылы оқиға туралы сол кезде бір-ақ білдім. Кеше ғана Софияның әкесі — менің ұлым өзіне қол салып, қайтыс болған еді. Жарақат алған немерем ғана тірі қалды. Оны әлі маған көрсетпеді", — дейді Татьяна Игнатьева.
София – ажалдан аман қалып, жансақтау бөлімінде жатқан осы отбасының 13 жастағы қызы.
Еске сала кетейік, жантүршігерлік оқиға 29 наурызда болған. 35 жастағы әйел мен оның 16 жастағы ұлын және 13 жастағы қызын белгісіз біреулер пышақтап кеткен.
Әйел мен ұл қайтыс болып, аман қалған 13 жастағы қыз полицияға хабарласып үлгерген. Қазіргі күні қыздың жағдайы ауыр. Ол облыстық балалар ауруханасында жансақтау бөлімінде жатыр. Аурухана бөлімін арнайы полиция тәулік бойы күзетіп тұр.
Жалғызбасты келіншек екі баласымен тұрған. Көршілер түнде ешқандай айқай-шу естімедік дейді. Тек жедел-жәрдем келіп, полиция келгенде не болғанын бір-ақ білген.