Ақтөбеде үш жұмысшы еңбекақы төлемеген ЖШС-ін тонаған - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтөбеде үш жұмысшы еңбекақы төлемеген ЖШС-ін тонаған

Ақтөбеде үш жұмысшы еңбекақы төлемеген ЖШС-ін тонаған

Ақтөбеде жекеменшік ЖШС-нің бірінен қондырғы ұрлады деген күдікпен үш жергілікті тұрғын ұсталды.

  • 2 Маусым 2011
  • 481
Фото - Caravan.kz

Облыстық ішкі істер департаментінің бүгінгі хабарламасына сәйкес, үш ер адам салынып жатқан ғимарат қоймасынан 1 млн теңгенің құрылыс материалдарын, құрал-саймандар, сантехникалық қондырғы мен фурнитура ұрлаған.

Ұсталғандардың айтуынша, олар осы құрылыс нысанында жұмыс істеген.
«Келісілген ақшаны толық ала алмаған соң олар салынып жатқан ғимаратқа кіріп, жертөленің бір қабырғасын бұзған да қоймаға кірген. Ұрлаған заттарды таксимен тасып, базарларда төмен бағамен сатқан.
Осы факті боынша қылмыстық іс қозғалды. Күдіктілерге ешқайда кетпеу туралы қолхат берілді.

Соңғы жаңалықтар