Ақтөбеде заңсыз жұмыс істейтін ойынханаларды анықтау жалғастырылуда - kaz.caravan.kz
  • $ 523.46
  • 600.04
+33 °C
Алматы
2025 Жыл
24 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтөбеде заңсыз жұмыс істейтін ойынханаларды анықтау жалғастырылуда

Ақтөбеде заңсыз жұмыс істейтін ойынханаларды анықтау жалғастырылуда

Ақтөбенің қаржы полициясы заңсыз жұмыс істейтін ойынханалар мен ойын автоматтар залын анықтауды жалғастыруда, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

  • 8 Маусым 2011
  • 343
Фото - Caravan.kz

Мысалға, қаржы полициясы ойын бизнесі саласында заңсыз кәсіпкерлікпен айналысты деген күдіктіге қатысты қылмыстық іс қозғады. Ер адам Ақтөбедегі дәмханалардың бірінде ойын автоматтар залын ашқан, ойын залы 2011 жылдың наурыз айынан мамыр айына дейін жұмыс істеген.

2011 жылдың 13 мамырында ойын автоматтар залы анықталып, полиция қызметкерлері 10 ойын автоматын, 1 электронды рулетканы анықтаған, бұл жерде ақшалай жүлделер ойнатылған.

Сараптама қорытындысы бойынша, ойын саласынан түскен заңсыз кіріс сомасы 3,7 млн. теңгені құраған.

Қылмыстық іс тергеу үстінде, тергеуге қатысты басқа мәлімет жарияланбады.