Жарияланды: 390

Ақтөбеде зейнеткерлерді алдайтын алаяқтар әрекет етуде

Ақтөбеде өздерін әлеуметтік қызметкермін және медбикемін деп таныстырып,

қарияларды алдап жүрген алаяқ әйелдер әрекет етуде. Брифингте Ақтөбе қаласы Әлеуметтік көмек орталығының директоры Айғаным Сарқұлова мәлім еткендей, бұл туралы зейнеткерлер хабарлаған. Алаяқ әйелдер, әдетте, зейнеткерлерге үйде отырып анализдер тапсыруды ұсынатын болған, зейнетақыны көтеруге уәде берген, ал аңқау қариялар анализ тапсырып жатқан кезде, әйелдер оларды тонайтын болған. Тағы бірде алаяқтар ақтөбелік қарттарға, Қазақстанда ақша алмасып жатқанын айтып, айырбастап әкелеміз деп олардың бар ақшасын алып кеткен. Бірақ, кейбір қариялар алаяқтардың алдауына көнбей, шақырылмаған қонақтарға есіктерін ашпай қойған.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін