Ақтөбеде жаңа мешіт салынады - kaz.caravan.kz
  • $ 513.55
  • 602.09
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
19 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтөбеде жаңа мешіт салынады

Ақтөбеде жаңа мешіт салынады

Ақтөбе қаласының орталығында жаңа мешіт салынады. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Ақтөбе облыстық ішкі саясат департаментінің діни ұйымдармен жұмыс жөніндегі бөлімінің бастығы Аманбай Рсалин хабарлады.

  • 1 Сәуiр 2005
  • 659
Фото - Caravan.kz

Мешіт қала орталығындағы үш гектар жерде бой көтереді. Мешіттің жобасы жасалып, бекітілді. Онда дұға оқитын зал, медресе, неке қиятын бөлме, асхана, құрбандық және пітір-садақаға арналған орындар болмақ. Мешітке бір уақытта 3 мың адам жинала алады.

А.Рсалиннің айтуынша, мешіт құрылысы биылғы жылдың мамыр айында басталады. Ол демеушілер мен қайыр-садақа қаржысына салынады деп межеленген. Қаржы жинау үшін «Ақтөбе мешіті» атты қоғамдық қор құрылды. Мешіттің бой көтеруі үшін 6 млн. доллар қажет.
А.Рсалиннің хабарлауынша, қазіргі жағдаймен Ақтөбе облысында 66 діни бірлестік, соның ішінде 38 мешіт, 28 христиандық шіркеу тіркелген.

Перейти к новостям спорта