Ақтөбеде жас ақындар байқауы өтті - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
20 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтөбеде жас ақындар байқауы  өтті

Ақтөбеде жас ақындар байқауы өтті

Бүгін Ақтөбедегі №36 орта мектепте Жамбыл Жабаевтың туғанына 165 жыл толуына орай жас ақындардың облыстық байқауы болып өтті.

  • 15 Ақпан 2011
  • 914
Фото - Caravan.kz

«Ақтөбе-Дарын» аймақтық ғылыми-тәжірибелік орталығы ұйымдастырған байқауға Ырғыз, Темір, Қарғалы аудандары мен Ақтөбе қаласының 14-тен 17 жасқа дейінгі оқушылары қатысты.

Жарыстар ережелері бойынша қатысушылар домбыра құлағында шебер ойнап, туған өлкесінің тарихынан хабардар болуы, қазақтың ақын-жырауларының шығармаларынан үзінді оқи алуы тиіс болды. Сонымен қатар, олар өз баяндамаларында ауылдың, білім берудің және өзге де салалардың көкейкесті проблемаларын сарапқа салуы тиіс еді. Ақындардың әр жұбына сайысу үшін 20 минут уақыт берілді.

Жас ақындардың жыр байқауының жеңімпаздары республикалық байқауға қатысатын болады.


Перейти к новостям спорта