Ақтөбеде жастарды Сириядағы соғысқа шақырғандарға үкім кесілді - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтөбеде жастарды Сириядағы соғысқа шақырғандарға үкім кесілді

Ақтөбеде жастарды Сириядағы соғысқа шақырғандарға үкім кесілді

Ақтөбеде телефон арқылы жиһадқа шақырғандар сотталды. Енді Ақтөбе, Атырау, Батыс және Оңтүстік Қазақстан облыстарының 8 тұрғыны экстримизмді насихаттағыны үшін ең азы үш жылдан алты жылға дейін түрмеде отыруы тиіс.

  • 4 Тамыз 2015
  • 298
Фото - Caravan.kz

Әлия Бекталиева, Ақтөбе қалалық №2 сотының судьясы:

— Сапановқа, Ибрашовқа, Қырбаевқа, Кенжебайға бес жыл бас бостандығынан айыру туралы түпкілікті жаза тағайындалды.

Бұлардан өзге Қайрат Бектенов басты айыпталушы ретінде алты жыл арқалап шықты. Олар WhatsApp-та конференция ашып, ондағыларды Сирияға соғысқа аттануға үгіттеген. Экстремистік аудио-бейнероликтер мен мәтіндерді тұрақты түрде жариялап тұрған. Сотталған алты жігіт кінәларын бірден мойындаса, ағайынды Сазановтар бұл іске қатысымыз жоқ деп ат-тондарын ала қашты. Тіпті, сот отырысының бірінде ауыздарын тігіп, аштық жарияламаймыз деп қоқан-лоқы көрсеткен болатын. Дегенмен, енді олар да алты жылын түрмеде өткізеді. Үкім тыңдауға айыпталушылардың туыстары түгел жиналған екен. Жазаның мұндай ауыр боларын күтпесе керек әйелдері көз жасына ерік берді. 

Соңғы жаңалықтар