«Охотзоопром» мекемесінің қызметкерлері жоғалғандарды Ырғыз ауданының аумағынан көргенін айтып отыр. Олар Жезқазғанның Ұлытау аумағына қарай бет алған болуы мүмкін. Қазір жоғалғандарды ҚР ІІМ ТЖК «Авиаспас» тікұшағымен іздеу мәселесі шешіліп жатыр»,- деп хабарлады ІІД баспасөз қызметі.
Еске салсақ, Ақтөбеде жылқы іздеуге шыққан 6 адам хабарсыз кетті. Қазір полиция іздеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.