Апат Ақтөбе-Богосливка бағытындағы тас жолдың 13-ші шақырымында болды. «ВАЗ-2101» автокөлігінің жүргізушісі «ЗиЛ-130» автокөлігімен соқтығысып қалуға жол берген. Апат салдарынан «Жигули» жүргізушісі мен екі жолаушы — 10-15 жасар қыз бен бір әйел оқиға орнында қаза тапты. Қазір бұлардың аты-жөні анықталуда. 11 жасар қыз бен тағы бір жолаушы әртүрлі жарақаттармен жедел жәрдем ауруханасына жеткізілді.
Сол күні, 13-тамызда Термез-Ташкент-Алматы тас жолының 766-шақырымында Оңтүстік қазақстан аумағында «Форд» автокөлігі «ГАЗ-3224» автокөлігімен соқтығысып қалды. Соның салдарынан бір жолаушы мерт болып, «Газ» жүргізушісі мен алты жолаушы ауруханаға түсті. Зардап шеккендер арасында 10 және 12 жасар екі бала бар.