Ақтөбеде жол апатынан үш адам қаза тауып, екі адам жарақаттанды - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтөбеде жол апатынан үш адам қаза тауып, екі адам жарақаттанды

Ақтөбеде жол апатынан үш адам қаза тауып, екі адам жарақаттанды

Ақтөбеде жол апатынан үш адам қаза тауып, екі адам жарақаттанды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі Агенттігінен хабарлады.

  • 14 Тамыз 2003
  • 520
Фото - Caravan.kz

Апат Ақтөбе-Богосливка бағытындағы тас жолдың 13-ші шақырымында болды. «ВАЗ-2101» автокөлігінің жүргізушісі «ЗиЛ-130» автокөлігімен соқтығысып қалуға жол берген. Апат салдарынан «Жигули» жүргізушісі мен екі жолаушы — 10-15 жасар қыз бен бір әйел оқиға орнында қаза тапты. Қазір бұлардың аты-жөні анықталуда. 11 жасар қыз бен тағы бір жолаушы әртүрлі жарақаттармен жедел жәрдем ауруханасына жеткізілді.

Сол күні, 13-тамызда Термез-Ташкент-Алматы тас жолының 766-шақырымында Оңтүстік қазақстан аумағында «Форд» автокөлігі «ГАЗ-3224» автокөлігімен соқтығысып қалды. Соның салдарынан бір жолаушы мерт болып, «Газ» жүргізушісі мен алты жолаушы ауруханаға түсті. Зардап шеккендер арасында 10 және 12 жасар екі бала бар.

Соңғы жаңалықтар