Ақтөбеде жол тарифі соңғы рет 2009 жылы көтерілген болатын. Жолақысын көтеруге отын бағасының, қосалқы бөлшектердің қымбаттауы себеп болып отыр. Оған қоса, қоғамдық көлік тасымалын ұйымдастырудың күзде өтетін жаңа тендері де өз әсерін тигізіп отыр, дейді мамандар.
Ал әлеуметтік тұрғыдан қорғалған азаматтар, оның ішінде ардагерлер, зейнеткерлер, т.б., бұрынғыдай тегін жүреді.