Ақтөбедегі арнайы операцияның алғашқы қорытындысы жария болды, деп хабарлады Caravan.kz медиа-порталы ҰҚК-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Мәліметтер бойынша ҰҚК мен еліміздің ІІМ-нің жемқорлыққа қарсы күрес Ұлттық бюросы Ақтөбе облысы мен еліміздің бірқатар аймақтарында арнайы операция өткізген. Негізгі мақсат — мұнай өнімдерін ұрлаумен айналысатын ұйымдасқан қылмыстық топтың жолын кесу.
Шара барысында мұнай өнімдерін ұрлаумен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топтың бірқатар мүшелері ұсталып, мұнай толы цистерналар тәркіленген.
Бұған қоса мұнай өнімдерін жымқырумен айналысқан қылмыстық топқа қолдау көрсеткен сәләфтік ағымдағы қылмыстық топтың бірнеше мүшесі ұсталған.
Қазіргі кезде тергеу амалдары жалғасып, тінту жұмыстары жүргізілуде.