Ақтөбедегі атыс-шабыстан тағы екі адам опат болды - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтөбедегі атыс-шабыстан тағы екі адам опат болды

Ақтөбедегі атыс-шабыстан тағы екі адам опат болды

Ақтөбеде тағы да дүрбелең. Бүгін тәртіп сақшылары мен қылмыскерлер арасында атыс болып, бір полиция қызметкері оққа ұшты. Облыс орталығының іргесіндегі саяжайға тығылған күдіктілер өз еріктерімен берілуге қарсылық көрсетіп, оқ жаудырған. Тіпті, біреуі ақыры соңында өзін өзі жарып жіберді. Ал екінші күдікті жарақат алған.   

  • 30 Шiлде 2011
  • 1327
Фото - Caravan.kz

Қылмыскерлер Ақтөбе іргесіндегі мына саяжайға жасырыныпты. Оларды ұстауға арналған шұғыл операция таң сәріде басталып, түс әлетіне дейін жалғасты. Күдіктілер өліспей беріспеуге бекінген. Сондықтан арнайы жасақ сарбаздары мен БТР техникасы, кинологтар, снайперлер тартылды.

Оқиға болған аймақ нағыз соғыс алаңына айналды. Куәгерлердің айтуынша, алдымен жарылыс болып, кейін атысқа ұласқан. Тұрғындар алғашқы кезде ештеңе түсінбей қалғандарын айтады.

Гүлсана Төлеуова, Ақтөбе қаласының тұрғыны:

-Шай ішіп, екі екі баламен отырған кезімде кәдімгідей төбе гүрс ете қалып, үйім қозғалардай болды. Далаға жүгіріп шығып едік, сайдың ар жағында саяжай ортасына түскен.

Ішкі істер департаменті өкілдерінің сөзінше, бүгін таң сәріде полиция қызметкерлері саяжайдағы үйді тексеруге барған. Сол кезде экстримизмге қарсы күрес басқарманыңқызметкерін үй иесі атып тастапты.Бұл оқиғадан соң шұғыл операция ұйымдастырылып, арнайы сарбаздар мен әскерилер аймақты қоршауға алды. Қарулы қақтығыс кезінде бір күдікті жарақат алса, екіншісі өзін өзі жарып жіберген.


Ерболат Сарқұлов, Ақтөбе облыстық ІІД баспасөз қызметінің аға инспекторы:

-Оқиға орнынан ер адамның денесі және тұлғасы анықталмаған жарақаттанған адам табылды. Және ішкі істер департаменітінің экстримизммен күрес басқармасының жедел уәкілі Рүстем Кенжалин алған жарақаттан, оқ жарақаты салдарынан көз жұмды.

Тәртіп сақшылары оқиғаны бұл жолы да Шұбарши мен Кеңқияқ ауылдарында болған атыспен байланыстырмады. Дегенмен өзін өзі жарған қылмыскер ішкі істер департаментнің экстремизмге қарсы күрес басқармасының бақылауында болыпты. Ал жанкештінің көршілері оның ешкіммен аралспай, белгісіз діни топпен жүргендігін айтып отыр.

Соңғы жаңалықтар