Ақтөбедегі автобус өрті: Өзбекстандықтардың ата-анасы балалары қаза болды дегенге сенбейді - kaz.caravan.kz
  • $ 445.66
  • 474.58
+21 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтөбедегі автобус өрті: Өзбекстандықтардың ата-анасы балалары қаза болды дегенге сенбейді

Ақтөбедегі автобус өрті: Өзбекстандықтардың ата-анасы балалары қаза болды дегенге сенбейді

Ақтөбеде автобус өртеніп, 52 Өзбекстан азаматы қаза тапқан болатын.

  • 3 Қыркүйек 2018
  • 60
Фото - Caravan.kz

Ақтөбе облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында автобус өртіне қатысты сот отырысы басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, сот алды отырысы ауданда өтіп, негізгі талқылау облыс орталығына ауыстырылды. Бүгін басты сот отырысына қаза болған өзбекстандықтардың ата-аналары келді. Олар қазақ тілін түсінбейтінін айтып, елшіліктен аудармашы жіберуді сұраған. «Балам Адхамжан Маруфжонов пен немерем Авазбек Маруфжонов үшін сотқа келдім. Біз балаларымыздың бәрі тірі деп есептейміз. Себебі, менің немеремнің телефон нөмірі өшкен жоқ, әлі байланыс аясында тұр. Біз қазақ тілін білмейміз, сондықтан аудармашы сұраймыз. Қорғаушы да жалдамадық, біздің қорғаушымыз — Алла. Барлығы 11 адам келді. Бәрі баласын жоғалтқан»,- деді жәбірленуші Юлдузджон Ғаниева. Айта кетейік, жәбірленушілер мен айыпталушылар БАҚ өкілдерінің сотқа қатысуына еш қарсылық көрсетпеді. Қазір сот отырысы жалғасып жатыр.


 

Соңғы жаңалықтар