Ақтөбедегі автобус өрті: Сотталушылар 5-7 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін - kaz.caravan.kz
  • $ 448.81
  • 476.82
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
16 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтөбедегі автобус өрті: Сотталушылар 5-7 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін

Ақтөбедегі автобус өрті: Сотталушылар 5-7 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін

Ақтөбеде автобус өртіне қатысты қылмыстық істің жарыссөзі басталды.

  • 30 Қазан 2018
  • 12
Фото - Caravan.kz

Мемлекеттік айыптаушы сотталушыларды 5-7 жылдарға бас бостандығынан айыруды сұрады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбе облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының ғимаратында автобус өртіне қатысты сот отырысы жалғасы жатыр. Жарыссөз кезінде мемлекеттік айыптаушы Усман Орынбасарұлы сотталушыларды 5-7 жылдарға бас бостандығынан айыруды сұрады. «Сотталушыларға тағылған айып ауырлығы орташа қылмысқа жатады. Сотталушылар Нұржан Қырғызбаев, Мақсат Пернебеков, Барат Таңатовты 5 жыл бас бостандығынан және 7 жылға көлік басқару құқынан айыру жазасын тағайындауды сұраймыз. Нұрлыбек Тілепбаевты 7 жылға бас бостандығынан айыруды, сот залынан қамауға алуды, Бахадүр Пердебаевты да 7 жылға бас бостандығынан айыруды сұраймыз», — деді мемлекеттік айыптаушы Усман Орынбасарұлы.

Еске салсақ, автобус өртіне қатысты «Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу», «Өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу», «Міндеттеріне адал қарамау», «Көлiк құралдарын сапасыз жөндеу немесе оларды техникалық ақауларымен пайдалануға шығару» баптарымен үш жүргізуші және механик, құрылтайшы айыпталып жатыр. Олар: Нұржан Қырғызбаев, Мақсат Пернебеков, Барат Таңатов, Нұрлыбек Тілепбаев, Бахадүр Пердебаевтар. Сотталушылардың бәрі өз кінәсін мойындамады. Ал жәбірленушілердің сенімді өкілдері қаза болған әр өзбекстандыққа 150 миллион теңге моральдық өтемақы сұрады.

 

Соңғы жаңалықтар