Ал Ақтөбе қалалық соты 1200-дей тұтынушының берешегін өндіріп алу жөніндегі шешімді мәжбүрлі орындату туралы қағазды сот үкімін орындатушыларға тапсырды.
А.Өтегеновтың мәліметі бойынша, «Трансэнерго» ААҚ-ның қарыздарды жинап алу үшін құрылған мобильді топтары бүгінгі жағдаймен берешегі барлардан 20 теледидар, 8 магнитофон, 15 музыкалы орталықтар , 6 тоңазытқыш, 5 телефон аппараты, 1 іс машинасы, 3 шаң сорғыш пен 3 қысқа толқынды пешті тәркіледі. Бұл шара тұтынушылар берешегінің тым арта түсуіне байланысты қолданылып отыр. Жалпы алғанда тұтынушылардың монополист алдындағы берешегі 100 млн. теңгеден асады. Соның ішінде тұрғындардың қарызы 84 млн. теңге.
Берешекпен күрес науқаны аясында жергілікті БАҚ-тарға кәсіпорын алдында берешегі бар тұтынушылардың «қара тізімі» жіберілді. Онда тұтынушылардың аты-жөні, мекен-жайы, пәтер аумағы мен берешек көлемі көрсетілген.