Үйірменің ашылуына ұйытқы болған Зейнеш Сәлмен ұлттық ғұрыптар туралы дәріс оқып, тіпті төсектің қалай жиналуы туралы тәтпіштеп айтып берді.Қыздардың ерте тұрмысқа шығуына алаңдаған акушер-гинекологтар да отырысқа арнайы келіпті. Себебі, өңірде діндар қыз-келіншектердің кәмілеттік жасқа жетпей жүкті болу оқиғалары жиілеп кеткен. Қазіргі күні Ақтөбедегі орта мектептің 8-ші сынып оқушысы өзінен жиырма жас үлкен ер адамға тұрмысқа шығып, аяғы ауыр болған. Бұған дін жолын ұстанатын ата-анасы қарсы болмапты. Ал балалар құқығын қорғау департаменті мен ішкі істер басқармасы өклідері оқушының жайына алаңдап отыр.