Ақтөбедегі «келіндер клубы» алғашқы жиынын өткізді - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтөбедегі «келіндер клубы» алғашқы жиынын өткізді

Ақтөбедегі «келіндер клубы» алғашқы жиынын өткізді

Құрбан айт мерекесі қарсаңында Ақтөбедегі келіндер клубы алғашқы жиынын өткізді. Оған бақытты отбасын құруды армандайтын мұсылман бойжеткендері көптеп жиналды.

  • 27 Қазан 2012
  • 442
Фото - Caravan.kz


Үйірменің ашылуына ұйытқы болған Зейнеш Сәлмен ұлттық ғұрыптар туралы дәріс оқып, тіпті төсектің қалай жиналуы туралы тәтпіштеп айтып берді.Қыздардың ерте тұрмысқа шығуына алаңдаған акушер-гинекологтар да отырысқа арнайы келіпті. Себебі, өңірде діндар қыз-келіншектердің кәмілеттік жасқа жетпей жүкті болу оқиғалары жиілеп кеткен. Қазіргі күні Ақтөбедегі орта мектептің 8-ші сынып оқушысы өзінен жиырма жас үлкен ер адамға тұрмысқа шығып, аяғы ауыр болған. Бұған дін жолын ұстанатын ата-анасы қарсы болмапты. Ал балалар құқығын қорғау департаменті мен ішкі істер басқармасы өклідері оқушының жайына алаңдап отыр.

Соңғы жаңалықтар