Ақтөбедегі көрмеге 150 қазақстандық және ресейлік компанияның өнімдері қойылды - kaz.caravan.kz
  • $ 474.83
  • 518.99
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтөбедегі көрмеге 150 қазақстандық және ресейлік компанияның өнімдері қойылды

Ақтөбедегі көрмеге 150 қазақстандық және ресейлік компанияның өнімдері қойылды

Ақтөбеде «Еуропа-Азия. Шекарасыз ынтымақтастық» Х қазақстандық-ресейлік көрмесі өтіп жатыр, деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

  • 28 Маусым 2011
  • 656
Фото - Caravan.kz

«Көрмеге ұсынылған өнеркәсіптік және сауда-экономикалық әлеует әріптестер тарапынан сұранысқа ие, ал іскерлік кездесулер өзара тиімді келісімшарттар жасауға мүмкіндік береді. Осының бәрі біздің аймақтарымыздың арасында ұзақ мерзімді өндірістік-шаруашылық байланыстарды тереңдетуге, тату көршілік, достық қатынастар мен ынтымақтастықты дамытуға ықпал ететіні сөзсіз», — деп атап көрсетті Ақтөбе облысының әкімі Елеусін Сағындықов мерейтойлық көрменің ашылуында.

Көрмеде машина жасау, құрылыс индустриясы, денсаулық сақтау, қуат және ресурс үнемдеу, тағам, мұнай-газ, жеңіл өнеркәсіптері, халық тұтынатын тауарлар бөлімдері ұйымдастырылды. Ресей мен Қазақстанның Орынбор, Екатеринбург, Мәскеу, Волгоград, Ақтөбе, Астана, Қызылорда, Шымкент, Алматы және басқа аймақтарынан 150 компания өз өнімдерін ұсынды.

Сондай-ақ, көрменің тұрақты қатысушылары – Ақтөбенің мұнай жабдықтары зауытының, «Стройдеталь» ЖШС, «Ақтөберентген» ЖШС, «Ақтөбе жиһаз компаниясы» ЖШС, «Экотон-Батыс» ЖШС, «Полимер» ААҚ (Орынбор қ.), «Лидер» ААҚ (Орск қ.), «Лидия-Тур» ААҚ (Орынбор қ.), «Швеймех» ААҚ (Орынбор қ.), «Актюбстройхиммонтаж» ЖШС, «Izet Greenhous» ЖШС (Ақтөбе), «ВиброМастерАктобе» ЖШС, «РЗА» (Қызылорда облысы) және басқалары өз экспозицияларын ұйымдастырды.

Бұдан басқа, көрменің бағдарламасында «Ресей мен Қазақстандағы бизнес. Табысты кәсіпкерліктің жағдайлары (тіркеу, салық салу, сертификаттау, тендерлерге қатысу және т.б.)», «Кеден одағының аумағындағы айналым кезінде тағам өнімдері мен азық-түлік шикізатына қойылатын талаптар» деген тақырыптарда семинарлар жоспарланған.

Сонымен бірге, көрменің шеңберінде «Балама энергетика және қуат үнемдеу. Даму және халықаралық ынтымақтастық перспективалары» деген тақырыпта дөңгелек үстел отырысы өтеді.