Ақтөбедегі лаңкестер өз істеріне өкініп, халықтан кешірім сұрады - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-1 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтөбедегі лаңкестер өз істеріне өкініп, халықтан кешірім сұрады

Ақтөбедегі лаңкестер өз істеріне өкініп, халықтан кешірім сұрады

Ақтөбеде өткен жылдың маусым айында қаладағы қару-жарақ дүкендері мен әскери бөлімге шабуыл жасап, бірнеше бейбіт тұрғынды аяусыз қырып

  • 1 Наурыз 2017
  • 379
Фото - Caravan.kz

Ақтөбеде өткен жылдың маусым айында қаладағы қару-жарақ дүкендері мен әскери бөлімге шабуыл жасап, бірнеше бейбіт тұрғынды аяусыз қырып салғандар енді істеген әрекеттеріне өкініп отыр деп жазады 31.kz.

Аяқтарын шалыс басып, алдандық дегендердің елден, туғандарынан кешірім сұраған бейнежазбалары әлеуметтік желілерде жариялана бастады. Кезінде діни білімді мешіттегі имамнан емес, аһидан алдық деген олар енді өзгелерге біздің қателігіміз сабақ болса екен дейді.

Бүкіл елді аяқтан тік тұрғызып, жұрттың үрейін ұшырған Ақтөбедегі оқиғаны халық әлі күнге қорқынышпен еске алады. Ал, қолдарына қару алып, бейбіт елге шабуыл жасағандар өкінгендерін енді ғана айтып жатыр. 3 жылдан өмір бойына дейін бас бостандықтарынан айырылған лаңкестер жасаған іс-әрекеттеріне алданып барғандарын айтады. Темір торға қамалғандар сауатсыздықтан теріс ағымға кіріп, оң мен солын айыра алмай, соқыр сенімнің жетегінде кеткендерін мойындап отыр.

«Істеген ісіме толығымен өкінемін. Өкінем және кешірім сұраймын. Менің айтып жатқанымды көрсетесіңдер ғой жастарға. Ойлансын, ненің дұрыс, ненің бұрыс екенін. Айтқандарын тыңдасын имамдардың. Тек қана адаспай түзу жүрсін. Бауырларға да айтарым, мынандай қателікке бармаңдар. Қастарыңда ертең сендерді іздейтін тек аналарың болады», — дейді Бақыт Қуанышбаев есімді лаңкес.

Ал, Әлібек Ақпанбетов есімді лаңкес "аһилап" жүрген бауырларының бірде-бірі артынан іздеп келмегенін айтыцп отыр.


«Ешқайсысы келіп менің қал жағдайымды сұрап, иә болмаса, бірнәрсе беріп жіберіп жатқан жоқ. Тек ата-анам қазір жүгіріп жатқан. Кешегі қасымда аһи деп жүрген бір бауыр жоқ қазір», — дейді ол.

Еске салайық, өткен жылдың маусым айында Ақтөбеде қаруланған топ қаладағы қару-жарақ сататын дүкендер мен 6655 әскери бөлімге шабуыл жасаған болатын. Лаңкестердің шабылуынан жеті адам көз жұмды. Оның үшеуі әскери болса, төртеуі бейбіт тұрғын. Ал, осы лаңкестік шабуылды ұйымдастарған 29 лаңкестің 7-уі өмірбойы бас бостандығынан айырылса, қалғандары үш жылдан 22 жылға дейінгі мерзімге сотталған еді.