Ақтөбедегі «Мега» сауда орталығына бомбы қойылғаны туралы жалған қоңырау шалғандар анықталды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтөбедегі «Мега» сауда орталығына бомбы қойылғаны туралы жалған қоңырау шалғандар анықталды

Ақтөбедегі «Мега» сауда орталығына бомбы қойылғаны туралы жалған қоңырау шалғандар анықталды

Ақтөбедегі «Мега» сауда және ойын-суық орталығына бомбы қойылғаны туралы жалған қоңырау шалған бұзақылар анықталды. Олар - 13,15 және 16 жастағы кәмелетке толмаған жасөспірімдер болып шықты.

  • 2 Маусым 2011
  • 506
Фото - Caravan.kz

Бұдан бұрын хабарлағандай, кеше осы жалған қоңырау шалудың салдарынан қаланың барлық шұғыл қызметі дүрлігіп, ал сауда орталығы уақытша жабылған еді.

Облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен хабарлағандай, Мартөк ауылының үш оқушысы бұл күні көшеде кездесіп қалған. Ішіндегі ересегі полицияға қоңырау шалып, «Мега-Ақтөбе» орталығына бомбы қойылғаны туралы хабарлауды ұсынған. Ұялы телефонмен 102 нөмірін терген ол, тұтқаны 13 жастағы серігіне ұстата салған. «Әзілдеп» болғаннан кейін, олар телефонды өшіріп, сим-картаны алып, үйлеріне тарасқан.

Қазір бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғау туралы мәселе қаралуда. Лаңкестік әрекет туралы қасақана жалған хабар бергендерді ҚР Қылмыстық кодексінің 242- бабы ойынша 200-500 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл немесе 1-2 жыл түзеу жұмыстары немесе 3 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы күтеді. Ал Ақтөбедегі оқиға бойынша жауапкершілікті балалардың ата-аналары мойындарымен көтереді, енді оларды үлкен айыппұл күтіп тұр.

Соңғы жаңалықтар