Ақтөбедегі неміс киносы апталығының ашылуына ГФР бас консулы қатысады - kaz.caravan.kz
  • $ 448.81
  • 476.82
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
16 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтөбедегі неміс киносы апталығының ашылуына ГФР бас консулы қатысады

Ақтөбедегі неміс киносы апталығының ашылуына ГФР бас консулы қатысады

Бүгін Ақтөбе қаласына Германия Федеративтік Республикасының бас консулы Герольд Амелунг келді.

  • 7 Маусым 2011
  • 376
Фото - Caravan.kz

Қала әкімдігінің баспасөз қызметінен хабарлағандай, ГФР бас консулының Ақтөбе аймағына келуінің басты мақсаты — бүгін облыс орталығында ашылатын неміс киносының апталығына қатысу.

Қонақты келген кезде қала әкімі Архимед Мұхамбетов қабылдады. Одан кейін Г.Амелунг пен А.Мұхамбетов көлік жолдарын салу жөніндегі қазақстандық-германдық жобаның тұсаукесері өткізілген «Дастан орталығында» болды.

Күтіліп отырғандай, ГФР бас консулы бүгін сонымен қатар Ақтөбенің темір емес құбырлар зауытын, «Ізет гринхаус» ЖШС жылыжайында болып, Достық үйінде баспасөз мәслихатын өткізіп, «Возрождение» неміс этномәдени бірлестігінің қызметімен танысады.

Кешке қарай, 19.30 сағатта «Мега Ақтөбе» «Кинопарк 7» сауда-ойын сауық кешенінде Г.Амелунгтың қатысуымен неміс киносы апталығының салтанатты ашылуы болады.

Соңғы жаңалықтар