«Бұл кезеңде 38 адам медициналық көмек алып, 2-еуі қаза тапты. Жеңіл-желпі жараланған 15 адам қабылдау бөлмелерінде қаралып, амбулаториялық емделуге жіберілді. 20 адам ауруханаға жатқызылды. Оның ішінде 14-іне ота жасалды, тағы 3-еуіне қазір операция жасауда. 9 адамның жағдайы өте ауыр. Кеше 6 жетекші хирург мінген санитарлық авиация ұшып кетті. Олар операцияларға толық қатысты. Олар бүгін таңертең оралды»,- деді Т.Дүйсенова.