"Ақтөбеэнерго" банкрот деп жарияланды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Ақтөбеэнерго" банкрот деп жарияланды

"Ақтөбеэнерго" банкрот деп жарияланды

Ақтөбе облысы бойынша электр энергиясын таратушы "Ақтөбеэнерго" ААҚ банкрот деп жарияланды,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 20 Қараша 2003
  • 488
Фото - Caravan.kz

Ақтөбе қалалық соты осындай шешім шығарды.

Сот барысында атап көрсетілгеніндей, кәсіпорынның бакроттыққа ұшырауына кредиторлық берешек мөлшерінің 1 млрд. теңгеге жетуі себеп болған. Бұл соманың 600 млн. теңгесін салық түрлері бойынша бюджетке берешек құрайды.
«Ақтөбеэнерго» ААҚ-ның атқарушы директоры Самат Дәуітбаев кәсіпорын берешектерінің осыншама ұлғаю себебі ретінде үстіміздегі жылдың сәуір айында электр энергиясын сатушы РАО «ЕЭС России» компаниясы мен Қазақстан электр желілерін басқарушы «KEGOC» ААҚ-ның тарифті 21 процентке қымбаттатуын атады. Ал табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау департаменті болса «Ақтөбеэнерго» ААҚ-на бағаны небәрі 10 процентке өсіруге мұрсат берген. Департаменттегілер бұл шешімді шетелден алынатын электр қуатының құны таратушы белгілеген тарифтің небәрі 50 процентін иемденетіндігімен түсіндірген.
Кәсіпорынды сауықтыру шаралары екі жылға созылды. Алайда, аудиторлық тексерулер «Ақтөбеэнерго» ААҚ-ын сауықтыру шаралары баянсыз болғанын айғақтап отыр.
Ендігі жерде «Ақтөбеэнерго» ААҚ-ның негізгі технологиялық кешені бір лотпен сатылады. Кәсіпорынның жаңа қожайыны жұмыс бағыты мен жұмыс орындарын сақтап қалуға, инвестициялық бағдарламаны Ақтөбе облыстық әкімшілігімен келісуге міндетті. «Ақтөбеэнерго» ААҚ 1999-жылдан бері әкімшіліктің басқаруында болды.
Ал Ресей жағы болса 1-қарашадан бері электр энергиясын босату құнын тағы да 11,5 процентке қымбаттатқан. Соның салдарынан Ақтөбелік энергетиктерге заңды тұлғалар үшін электр қуатын тұтыну бағасын 1 кВт/сағ үшін 5,04 теңгеден 5,33 теңгеге дейін өсіруге тура келді. Ал қарапайым тұрғындар үшін баға бұрынғы 5,0 теңге қалпында қалды.

Соңғы жаңалықтар