Олардың қоныс аударып келуіне республикалық бюджеттен 98 млн. теңге бөлінді.
Облыс орталығында репатрианттарды орналастыру үшін небәрі 4 пәтер сатып алынды, ал қалған отбасыларға тұрғын үй аудандардан берілді. Атап айтсақ, 30 отбасы Мұғалжар, 35 отбасы Алға, 15 отбасы Хромтау, 19 отбасы Мартық аудандарынан тұрғын үйге ие болды. Сондай-ақ, 7 отбасы Темір, 27 отбасы Құрайлы ауылын, 4 отбасы Қарғалы ауылын мекенденетін болады.
Ж.Оралмағанбетовтың айтуынша, биыл жазда облыс орталығындағы пәтерлердің бағасы шұғыл қамбаттап кетуіне байланысты бұл жерден тұрғын үй сатып алу қиындық тудырып отыр. Бір репатриант отбасына бюджеттен 500-650 мың теңге бөлінеді, ал Ақтөбеде екі бөлмелі пәтердің бағасы шамамен 15 мың долларға бағаланады. Сондықтан да отбасында Ұлы отан соғысының ардагерлері бар отбасылар ғана облыс орталығында қалуға мүмкіндік алды , дейді ол.
Жалпы алғанда, Ақтөбе облысында 4 мыңға жуық оралмандар тұрады.