Ақтөбеге көшіп келген оралмандарды аудандарға таратып орналастыруда - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+7 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтөбеге көшіп келген оралмандарды аудандарға таратып орналастыруда

Ақтөбеге көшіп келген оралмандарды аудандарға таратып орналастыруда

Жыл басынан бері Ақтөбе облысына 141 оралман отбасы көшіп келді. Бұл туралы KZ-today тілшісіне облыстық көші-қон және демография басқармасының бастығы Жеткерген Оралмағанбетов хабарлады.

  • 24 Қараша 2003
  • 448
Фото - Caravan.kz

Олардың қоныс аударып келуіне республикалық бюджеттен 98 млн. теңге бөлінді.

Облыс орталығында репатрианттарды орналастыру үшін небәрі 4 пәтер сатып алынды, ал қалған отбасыларға тұрғын үй аудандардан берілді. Атап айтсақ, 30 отбасы Мұғалжар, 35 отбасы Алға, 15 отбасы Хромтау, 19 отбасы Мартық аудандарынан тұрғын үйге ие болды. Сондай-ақ, 7 отбасы Темір, 27 отбасы Құрайлы ауылын, 4 отбасы Қарғалы ауылын мекенденетін болады.
Ж.Оралмағанбетовтың айтуынша, биыл жазда облыс орталығындағы пәтерлердің бағасы шұғыл қамбаттап кетуіне байланысты бұл жерден тұрғын үй сатып алу қиындық тудырып отыр. Бір репатриант отбасына бюджеттен 500-650 мың теңге бөлінеді, ал Ақтөбеде екі бөлмелі пәтердің бағасы шамамен 15 мың долларға бағаланады. Сондықтан да отбасында Ұлы отан соғысының ардагерлері бар отбасылар ғана облыс орталығында қалуға мүмкіндік алды , дейді ол.
Жалпы алғанда, Ақтөбе облысында 4 мыңға жуық оралмандар тұрады.

Соңғы жаңалықтар