Ақтөбе-Хромтау тас жолында жеңіл көлік рейстік автобуспен соқтығысты - kaz.caravan.kz
  • $ 538.57
  • 629.48
+16 °C
Алматы
2025 Жыл
19 Тамыз
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтөбе-Хромтау тас жолында жеңіл көлік рейстік автобуспен соқтығысты

Ақтөбе-Хромтау тас жолында жеңіл көлік рейстік автобуспен соқтығысты

Жексенбі күні Ақтөбе-Хромтау тас жолында рейстік автобустың қатысуымен жол-көлік оқиғасы орын алды, деп хабарлады ІІД-нің баспасөз қызметінен.

  • 8 Қаңтар 2013
  • 458
Фото - Caravan.kz

Анықталғандай, Ақжар ауылына бұрылыс кезінде Ақтөбеден Әйтеке би ауданының Комсомольск кентіне бағыт алған «Нисан Санни» көлігінің 49 жастағы жүргізушісі қашықтықты сақтамай, тоқтап тұрған «Сетра S 288» автобусымен соқтығысты. Автобус Ақтөбе-Хромтау бағыты бойынша қозғалған.

Апат салдарынан Хромтау қаласының аудандық ауруханасына түрлі жарақаттармен 57-63 жастардағы 3 жолаушы жеткізілді. Автобус жолаушылары зардап шеккен жоқ. Бұл факті бойынша тексеру амалдары жүргізілуде. Сараптамаға сәйкес, ол ішімдік ішпеген.

Перейти к новостям спорта