Ақтөбелік 169 полицей қызметтерінен босатылды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтөбелік 169 полицей қызметтерінен босатылды

Ақтөбелік 169 полицей қызметтерінен босатылды

Ақтөбе облысының ішкі істер департаментінде облыстық мәслихат комиссиясының кеңейтілген көшпелі отырысы өтті.

  • 6 Қараша 2012
  • 306
Фото - Caravan.kz

Комиссияның отырысында екі негізгі мәселе қаралды: қоғамдық тәртіпті қорғау және алдын алу шараларын күшейту, сондай-ақ көші-қон полициясының жұмысы.

Облыстық ІІД-нің басшысы Мұхаран Әміров кезектен тыс аттестаттау нәтижесі жөнінде айтып берді. Осылайша 2332 полицейдің 82,7 пайызы қызметіне лайық деп танылды, 29 адам кадр резервіне есепке алынуға ұсынылды, 206 полиция қызметкерінің қызметі төмендетілді, тағы 169 қызметкер полиция қатарынан қуылды.

ІІД басшысының сөзіне қарағанда, облыста тіркелген қылмыстар саны 75,1 пайызға өскен. Тіркелген 9357 қылмыстың басым бөлігі біреудің мүлкін тонау оқиғаларына қатысты. Оған қоса үй аулаларында қалдырылған көліктерден ұрлау оқиғалары көбейді.

Ауылда қылмыстың негізгі түрі мал ұрлау болып табылады. Мұндай ұрлықтың 98 пайызы жайылымдарда жасалады.

Қабылданған шараларға қарамастан кәмелеттік жасқа толмағандар арасында қылмыс 106,3 пайызға артты, олардың негізгі себебі әлеуметтік орта болып табылады. Қылмыс жасауға әлеуметтік аз қамтылған отбасылардан шыққан жасөспірімдер көбірек барады.

Соңғы жаңалықтар