Ақтөбелік 20 оқушы Италияға демалысқа аттанды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтөбелік 20 оқушы Италияға демалысқа аттанды

Ақтөбелік 20 оқушы Италияға демалысқа аттанды

Ақтөбе. 8 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - Ақтөбе қаласы мен облысының 20 оқушысы кеше Италияға демалысқа аттанды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

  • 8 Тамыз 2008
  • 475
Фото - Caravan.kz

Ақтөбе облыстық білім беру басқармасының қосымша білім беру мен тәрбиелік жұмыстарды қадағалау бөлімінің бастығы Тәттігүл Тайланованың айтуынша, бұл балалар тұрмыс жағдайы нашар отбасылардың жеткіншектері, жетімдер, сондай-ақ, былтырғы оқу жылының барысында халықаралық олимпиадалар мен бәйгелерде жүлделі орындарға ие болған дарынды балалар.

«Облысымыз жыл сайын 20 баланы Италияға аттандырады», — деп атап көрсетті Т. Тайланова. Ол сондай-ақ, олардың сапары мен сол жақта тұруы бойынша барлық шығындарды Қазақстан мен Италияның мұнай компаниялары көтеретінін хабарлады.

Басқарманың хабарлауынша, балалар 1 қыркүйекке дейін келеді. Осы уақыт ішінде олар уақыттарын Чезанатико қаласында орналасқан Эмилия-Романья балалар лагерінде өткізеді.

Соңғы үш жыл ішінде Италияда 60 бала демалып қайтқан.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар