Ақтөбе облыстық білім беру басқармасының қосымша білім беру мен тәрбиелік жұмыстарды қадағалау бөлімінің бастығы Тәттігүл Тайланованың айтуынша, бұл балалар тұрмыс жағдайы нашар отбасылардың жеткіншектері, жетімдер, сондай-ақ, былтырғы оқу жылының барысында халықаралық олимпиадалар мен бәйгелерде жүлделі орындарға ие болған дарынды балалар.
"Облысымыз жыл сайын 20 баланы Италияға аттандырады", - деп атап көрсетті Т. Тайланова. Ол сондай-ақ, олардың сапары мен сол жақта тұруы бойынша барлық шығындарды Қазақстан мен Италияның мұнай компаниялары көтеретінін хабарлады.
Басқарманың хабарлауынша, балалар 1 қыркүйекке дейін келеді. Осы уақыт ішінде олар уақыттарын Чезанатико қаласында орналасқан Эмилия-Романья балалар лагерінде өткізеді.
Соңғы үш жыл ішінде Италияда 60 бала демалып қайтқан.