29 қазан күні «АЗФ-2» бақ шаруашылығы ұжымында тұратын 42 жастағы ақтөбелік әйелден қаланың шетінде, «Теріс көл» ауданында онымен бірге тұрған 36 жастағы ер адамның мүрдесі жатқаны туралы хабарлама келіп түсті.
Облыстық ІІД-нің тергеу-жедел тобы аталған орында шифердің сынықтары, қоқыс пакеттерімен жабылған ер адамның мүрдесін тапты, әйелдің айтуынша, оны татуировка арқылы таныған.
Сот медициналық сараптама ер адамның өлімі 30 күн бұрын бас сүйегінің сынуы салдарынан болғанын анықтады.
Өткізілген жедел-іздеу шараларының барысында әйел адам өлтіргенін мойындады. Айтуынша, 27 қыркүйек күні ол үйінде 28 және 37 жастағы екі ер адаммен бірге ішімдік ішкен. Араларында туындаған жанжал кезінде олар жәбірленушіні сабаған, ал әйел бетон құбырының сынығымен ер адамның басынан бірнеше рет соққан. Одан кейін жансыз денені жыраға жасырады.
Аталған фактімен ҚР ҚК-нің 96 бабы («Адам өлтіру») бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті азаматша бұған дейін ұрлық және жеңгетайлық жасағаны үшін сотталған, оның екі сыбайласы да ұрлық және бұзақылықтары үшін бірнеше рет жауапкершілікке тартылған еді. Соңғыларына қатысты «Аса ауыр қылмысты жасыру» бабы бойынша айып тағу мәселесі қарастырылады.