Ақтөбелік Азат Түсенов бильярдтың «Құрастырмалы пирамида» түрінен ел чемпионы атанды - kaz.caravan.kz
  • $ 511
  • 602.72
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
25 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтөбелік Азат Түсенов бильярдтың «Құрастырмалы пирамида» түрінен ел чемпионы атанды

Ақтөбелік Азат Түсенов бильярдтың «Құрастырмалы пирамида» түрінен ел чемпионы атанды

Қызылордада 24-27 қаңтар күндері бильярдтан «Құрастырмалы пирамида» түрінен ерлер арасындағы XXXV Қазақстан чемпионаты өтті.

  • 30 Қаңтар 2012
  • 403
Фото - Caravan.kz

Халықаралық дәрежедегі төреші Райымжан Бузурходжаев бастаған қазылар алқасы төрелік жасаған бұл байрақты бәсекеде 84 тастаяқшының арасынан Азат Түсенов жеңімпаз атанды.

Ал алматылық Ернар Шымбаев күміс, қарағандылық Дмитрий Григорьев пен алматылық Қаныбек Сағындықов қола жүлдегер атанды. Азат ақтық сында Ернарды 5:4, жартылай сында Дмитрийді 4:3, ширек финалда семейлік Азамат Ілдербаевты 4:0, 1/8 финалда алматылық Дәурен Орынбаевты 4:2, 1/16 финалда байқоңырлық Фархат Қосжановты 4:3 есебімен ұтты. Жарыстың алғашқы турында қызылордалық Нұрымжан Шынтақовты, жоғарғы 1-турда Азамат Орынбаевты 3:0 ұтқан Азат жоғарғы 2-турда павлодарлық Азамат Әубәкіровке 1:3 есебімен есе жіберді. Одан кейін төменгі 4-турда қызылордалық Игорь Кимді 3:2 етіп ұтып, 1/16 финалға жолдама алған еді.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера