Ақтөбелік бір студент қолдан ақша жасаған күдікті ретінде танылып отыр - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
19 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтөбелік бір студент қолдан ақша жасаған күдікті ретінде танылып отыр

Ақтөбелік бір студент қолдан ақша жасаған күдікті ретінде танылып отыр

Ақтөбеде жергілікті жоғары оқу орындарының бірінде оқитын 20 жастағы студент қолдан ақша жасаған күдікті ретінде ұсталды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Ақтөбе станциясы желілік ішкі істер бөлімінен хабарлады.

  • 25 Маусым 2004
  • 451
Фото - Caravan.kz

Желілік ішкі істер бөлімі төрағасының орынбасары Алексей Федуновтың айтуынша, бір Ақтөбелік жұмыссыз азамат полиция бөлімшесіне арыз түсірген. Ол өзінің 10 мың теңгесін жасанды 20,5 мың теңгеге айырбастағанын хабарлапты. Жәбірленуші «қолдан ақша жасаушы алаяқтың алдауына түсу салдарынан заңсыз сауда-саттыққа барғанын» айтып ағынан жарылады. Соңынан «өзінің біржола алданып қалғанын сезінген» әлгі жақын маңдағы полиция бөлімшесіне, дәлірек айтсақ, станциядағы желілік ішкі істер бөліміне хабарласқан.

Тінту нәтижесінде күдіктінің пәтерінен әрбіреуі 500 теңгелік жасанды қағаз ақшалардан тұратын тағы да 15 мың теңге шықты. Тәртіп сақшылары сондай-ақ, әлгінің ақша жасауда пайдаланған компьютері, сканері мен принтерін тәркіледі.
Қазір студенттен ешқайда кетпеу жөнінде қолхат алынды. Оның үстінен ақша мен құнды қағаздарды қолдан жасап сату жөнінде қылмыстық іс қозғалды.

Перейти к новостям спорта