Ақтөбелік бір тұрғын әйелден жасанды 100-долларлық купюра тәркіленді, бірақ жаза оның күйеуіне жүктеледі - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтөбелік бір тұрғын әйелден жасанды 100-долларлық купюра тәркіленді, бірақ жаза оның күйеуіне жүктеледі

Ақтөбелік бір тұрғын әйелден жасанды 100-долларлық купюра тәркіленді, бірақ жаза оның күйеуіне жүктеледі

Ақтөбедегі бір айырбас бөлімшелерінің бірінде 100 долларлық жасанды ақшаны айырбастауға әрекет жасаған бір әйел ұсталды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне қаржы полициясы департаментінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 14 Қараша 2003
  • 468
Фото - Caravan.kz

Соңынан белгілі болғанындай, әйел ақшаның жасанды екенін білмеген, ал ақшаны оның күйеуі айырбастап әкелуді тапсырыпты. Тергеу кезінде еркек ақшаның жасанды екенін алдын-ала білгенін мойындады.

Оның үстінен ҚР Қылмыстық Кодексінің «Жасанды ақша сату» жөніндегі 206-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Бұл бап бойынша бес жылға дейін бас бостандығынан айыру және дүние-мүлкін тәркілеу жазасы қолданылады.
Ақтөбе облыстық қаржы полициясы департаменті жыл басынан бері жасанды ҚР Ұлттық банкі банкноттары мен шетелдік валюталарды сатуға қатысты 12 дерек әшкереледі. Ақтөбелік екі тұрғынға соттың шартты жазасы тағайындалды.

Соңғы жаңалықтар