Жарияланды: 320

Ақтөбелік бозбала өзіне «жүкті» деп диагноз қойған дәрігерлерді сотқа берді

Ақтөбеде 15 жастағы бозбала өзін жүкті деп диагноз қойған дәрігерлерді сотқа берді. Дүйім жұрттың жағасын ұстатқан мамандардың осы қылығынан моральдық зардап шеккен жасөспірім 10 млн теңге өтемақы талап етіп отыр.

Естеріңізге сала кетелік, осыдан бір ай бұрын Байжан Алдашев бүйрегі ауырып, ауруханаға түскен-ді. Кейін дәрігер жазып берген нұсқаулық бойынша ішіп жүрген дәріге аллергия пайда болған. Анасы анықтамаға көз жүгіртсе, қолданып келген препараттары аяғы ауыр әйелдерге арналған екен. Ал диагноз жазылатын жолақта “жүкті” деп тұр. Сотқа ата-анасы емес, 15 жасар Байжанның өзі шағымданып отыр. Ақ халаттылардың мұндай салғырттығынан шошыған бала, өзінің нақты диагнозы бойынша емделуді де қойыпты.

Екатерина Рафикова, науқас баланың анасы:

- Дәрігерлерге сенуден қалдық. Бұл оқиғадан кейін балам күйзеліске ұшырап, қатарластарымен еркін араласуға ұялатын болды. Сондықтан ісіне салғырт қараған мамандар сот алдында жауап беріп, тиісті жазасын алсын.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін