Ақтөбелік дихандар соңғы үш жыл ішінде алғаш рет бітік түсім жинады - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтөбелік дихандар соңғы үш жыл ішінде алғаш рет бітік түсім жинады

Ақтөбелік дихандар соңғы үш жыл ішінде алғаш рет бітік түсім жинады

Ақтөбелік дихандар соңғы үш жыл ішінде алғаш рет бітік түсім жинады. Бұл туралы KZ-today тілшісіне облыстық ауылшаруашылығы басқармасынан хабарлады.

  • 20 Қазан 2003
  • 380
Фото - Caravan.kz

Мұндағы егістік алқаптардан дихандар 600 мың тонна егін жинады. Бір гектардан жиналған орташа түсім 9,2 центнерді құрады, ал былтырғы бұл көрсеткіш бір гектардан 6 центнерге жеткен еді.

Басқарма бастығы Ерсайын Әжібаевтың айтуына қарағанда, облыстық бюджеттен бөлінген 100 млн. теңге мен республикалық бюджеттен бөлінген несиелер егістік науқанына арналған шығындардың 68 процентін құрады. Бұл қаржыға ауылшаруашылығының өнім өндірушілері 18 жаңа комбайн, жанар-жағармай, тыңайтқыштар мен запас-бөлшектер сатып алды.
Биыл сондай-ақ, облыстық бюджеттен бөлінген 11,5 млн. теңгеге минералды тыңайтқыштар сатып алынып, астық тұқымы жаңартылды.
Бұл — соңғы 10 жылда дихандарға көрсетілген осындай алғашқы жәрдем.

Соңғы жаңалықтар