Аналардың бәрінің айтатыны бір: "Құдайдан басқа баламызға ешкім көмектесе алмайды" дейді олар. Салафизм ағымы дендеп кеткен өңірде "діндар" тұрғындардың басым бөлігі ғылымға қарсы. Дәрігерден ем қабылдау олар үшін Аллаға серік қосқанмен тең көрінеді.
"Қазір екі ауданда жағдай ушығып тұр. Дәрігерлердің түсіндіру жұмыстарын ата-аналар құлағына асып отырған жоқ. Әрине, заң бойынша олар құқылы. Бірақ, баланың денсаулығын кім ойлайды?", — дейді Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әсет Қалиев.
Қазір аталған басқарма Денсаулық сақтау министрлігіне хат жазып, вакцинацияны барлық ата-анаға міндеттеуді сұрап отыр.