Ақтөбелік эпидемиолог мамандар бақшада өсірілген дақылдардың бейберекет саудасына алаңдаушылық білдіруде - kaz.caravan.kz
  • $ 448.89
  • 477.93
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтөбелік эпидемиолог мамандар бақшада өсірілген дақылдардың бейберекет саудасына алаңдаушылық білдіруде

Ақтөбелік эпидемиолог мамандар бақшада өсірілген дақылдардың бейберекет саудасына алаңдаушылық білдіруде

Ақтөбелік эпидемиолог мамандар бақшада өсірілген дақылдардың бейберекет саудасына алаңдаушылық білдіруде,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 21 Шiлде 2003
  • 770
Фото - Caravan.kz

Ақтөбе қалалық бас саниатарлық дәрігері Нұрсұлу Беркімбаеваның айтуынша, қарбыз және қауын сатушылар қала әкімінің «Бақшада өсірілген дақылдар саудасын ретке келтіру туралы» бұйрығының талаптарын бұзып, өнімді көшелер мен айналма жолдарда кез-келген жерде бейберекет сатуда. Н.Беркімбаеваның айтуынша санитарлық-гигиеналық талаптарға мүлдем сәйкес келмейтін көшедегі бейберекет сауда-саттық бұдан да сорақы залал-зардапқа апарып соғуы ықтимал. Бақшада өсірілген дақылдар саудасын ретке келтіру үшін санитарлық дәрігерлер полиция қызметкерлерімен бірлесіп жұмыс істемек ниетте.

Осы аптада қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау қызметінің мамандары қала базарларында, сондай-ақ, бақшалық дақылдар мен көкөністер сатылатын жерлерге рейд жүргізді. Рейд барысында өнімдер құрамындағы улы химикаттар мен нитраттар мөлшерін айқындау үшін 243 сынама зертханалық зерттеуге алынды. Соның нәтижесінде «Әлия » базарында сауда істейтін бір алыпсатардың сатып отырған қауынының құрамындағы улы заттар мөлшері шектеулі шамадан 1 жарым есе артық екені белгілі болды. Осыған байланысты улы қауындар тәркілеп алынды.

Соңғы жаңалықтар