Владимир Муханов жаттықтыратын ақтөбелік аяқдопшылардың қарсыласы 7 жылдық тарихы бар жас команда. Сергей Клещенко жаттықтыратын оргеевтіктер былтыр Молдованың Ұлтық дивизионда төртінші орын алып, Молдова кубогының иегері атанды. Биыл Еуропа лигасын 2-іріктеу раундынан бастағалы отырған, олар былтыр Ұлттық дивизионда 3-орын алып, Еуропа лигасындағы алғашқы ойында 1-раунда сүрініп, Грузияның Тбилиси қаласының «Динамо» командасына қос кездесудің қорытындысы бойынша 1:5 есебімен ұтылған болатын.
Ақтөбеліктер қазір Премьер-Лигадағы ел чемпионатында 17 турдың қорытындысы бойынша бесінші орында келе жатыр. Олар 15 шілде күнгі соңғы ойында сырт алаңда Шымкенттің «Ордабасы» командасымен 1:1 есебімен тең түсті. Ал «Милсами» Молдова Ұлттық дивизионындағы 1-турды 14 шілде күні өз алаңында Утм қаласының «Академия UTM» командасымен өткізіп, 1:0 есебімен жеңіске жетті. Қазір олар «Шериф» пен «Олимпия» командаларынан кейін қарсыластар қақпасына соққан доптарының саны бойынша 3-орында келе жатыр.