Өзін Игорь Титов деп атаған азаматтың жазуынша, арнайы жасақ қызметкерлері күнделікті әскери жаттығулардан өтпейтін көрінеді. Сонымен қатар, басшылық бойы 180 сантиметр, спорт шебері болуы тиіс сарбаздардың орнына талапқа сай емес, кім болса соны жұмысқа алады-мыс. «Сондықтан соңғы бір ай көлеміндегі атыс-шабыс кезінде сарбаздар мерт болды» дейді автор. Бірақ Ақтөбе облыстық ішкі істер департаментінің өкілдері бұл арызды арандатушылыққа балап отыр. Себебі «Арлан» арнайы жасағының сабында Игорь Титов есімді адам жоқ көрінеді. Сарбаздардың арасында тек екі адамның ғана бойы 175 сантиметр екен. Олардың өзі арнайы операциялар кезінде терезе, тесіктерден еркін кіру мақсатында жұмысқа алыныпты.
Ерболат Сарқұлов, Ақтөбе облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің аға инспекторы:
— Бұл – қандай да бір арандату. Біздің арнайы мақсаттағы бөлімде ондай қызметкер жоқ. Облыстық ішкі істер департаментінің арнайы жасағындағы адамдардың бойы 1 метр 80 саниметрден төмен емес. Және дене шынықтыру үнемі өткізіледі.