Ақтөбелік кәсіпкер жетім балаларды аяқ киім жөндеуге үйретіп жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-2 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтөбелік кәсіпкер жетім балаларды аяқ киім жөндеуге үйретіп жатыр

Ақтөбелік кәсіпкер жетім балаларды аяқ киім жөндеуге үйретіп жатыр

Бұл Ұлттық кәсіпкерлер палатасының «Атамекенім» акциясы аясында атқарылып жатқан іс.

  • 26 Қаңтар 2018
  • 310
Фото - Caravan.kz

Ақтөбелік кәсіпкер Айтқали Тақауев жетім балаларды аяқ киім тігуге, жөндеуге үйретіп, оларды тәжірибеден өткізіп жатыр, деп хабарлайды Aktobenews.kz.

Ақтөбе облыстық кәсіпкерлер палатасы кәсіпкер мен «Мейірім» бейімдеу орталығының тәрбиеленушілерін кездестірді. Кәсіпкер Айтқали Тақауев шыдамдылық пен төзімділікті қажет ететін жұмысты жастарға үйретуге келісім берді.

«Аяқ киім жөндеу шеберханасына «Мейірім» бейімдеу орталығының үш тәрбиеленушісі келді. Алдымен бір ай бақылау жүргіземіз. Кез келген адам аяқ киім тігіп, шебер бола алмайды. Шыдамдылық пен төзімділікті, тұрақтылықты қажет ететін мамандық адам талғайды. Сондықтан олардың кейбірі 2-3 ай үйренуі мүмкін», — деді кәсіпкер Айтқали Тақауев. Аяқ киім тігуге машықтанып жүрген жастар күн сайын шеберханаға барады.

«Аяқ киім жөндеуге қажетті құрал-жабдықтың тізімін Кәсіпкерлер палатасына береміз. Ал біз желім, резеңке, былғарыны Ресей, Башқұртстаннан алып, көмектесеміз. Алғашқы күндері олардың іс бастауына, жұмысты тиімді жүргізуіне жағдай жасалады. Тіпті олар арнайы шеберхана ашып, жұмыс істеген кезде білікті шеберлер көмектесіп, өз ақыл-кеңесін береді. Өз қамқорлығымызға алған балаларды жарты жолда тастап кетпейміз», — деді ол.

Айта кетейік, бұл Ұлттық кәсіпкерлер палатасының «Атамекенім» акциясы аясында атқарылып жатқан іс.


«Аяқ киім жөндеу шеберханасынан тәжірибе жинап жүрген бір адам жеке кәсіпкерлігін бастауды жөн көріп отыр. Аймақтық кәсіпкерлер палатасы «Бизнес мектеп» жобасы аясында оқытып, кәсіпкерлік қызметтің алғашқы жолдарын үйретеді. Сонымен қатар, грант алуға мүмкіндік беретін бизнес жоспар әзірленеді», — деді Кәсіпкерлер палатасының сарапшысы Гүлмира Қазмұхамбетова.