Ақтөбелік полицейлер бір аптаның ішінде іздеуге жарияланған 4 қылмыскерді тапты - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+23 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтөбелік полицейлер бір аптаның ішінде іздеуге жарияланған 4 қылмыскерді тапты

Ақтөбелік полицейлер бір аптаның ішінде іздеуге жарияланған 4 қылмыскерді тапты

Өткен аптада ақтөбелік полицейлер іздеуде жүрген 4 қылмыскерді тапты, деп хабарлады ІІД-нің баспасөз қызметінен.

  • 19 Қараша 2012
  • 321
Фото - Caravan.kz

Қашып жүрген төрт қылмыскердің екеуі адам өлтіруде, біреуі пәтер ұрлығында, тағы біреуі көлікке жанармай құю стансасына қарақшылық шабуыл жасауда күдікті болып отыр.

Атап айтқанда, ағымдағы жылдың 20 тамызында шамамен таңғы сағат 4-те Сәтпаев көшесінде орналасқан пәтерінде 39 жастағы ақтөбелік азамат отбасылық ұрыс кезінде зайыбына пышақ салды. Әйелі алған жарақат салдарынан мерт болды, ал қылмыс орнынан қашып кеткен ер адам осы уақытқа дейін полициядан жасырынып жүрді. Жақында ол ұсталып, қазіргі кезде Ақтөбе қалалық уақытша ұстау абақтысында сотты күтуде.

Тағы бір күдікті азамат Шымкент қаласында ұсталды. Ол Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданындағы Сағашилы кентінде адам өлтірді күдікті деп айыпталуда. 22 жастағы жігіт ауыл тұрғынына пышақ салып, оқиға орнынан ізін суытты.

Өткен аптада Атырау қаласында Ақтөбе облысындағы Хромтау қаласының 18 жастағы тұрғыны ұсталды. Ол 23 мамыр күні бір топ адаммен бірге Хромтау қаласындағы көлікке жанармай құю стансасына қарақшылық шабуыл жасады. Қазіргі кезде ол Атырау қалалық уақытша ұстау абақтысына қамауға алынды.

Жыл басынан бері полиция қызметкерлері іздеуде жүрген барлығы 131 қылмыскерді ұстады.

Соңғы жаңалықтар