Ақтөбелік полицейлер Орал тұрғынынан 64 грамм героин тәркіледі - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтөбелік полицейлер Орал тұрғынынан 64 грамм героин тәркіледі

Ақтөбелік полицейлер Орал тұрғынынан 64 грамм героин тәркіледі

Ақтөбе облысында маусымның 14-і мен 19-ы аралығында өткізіліп жатқан «Допинг» жедел-алдын алу шарасы аясында есірткі бизнесімен күрес басқармасының қызметкерлері героинның ірі партиясымен есірткі саудагерін қолға түсірді, деп мәлім етті облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Алмат Иманғалиев.

  • 16 Маусым 2011
  • 421
Фото - Caravan.kz

Қаланың ескі бөлігінде жалдамалы пәтерде есірткі сатылатыны туралы оперативті ақпарат алған сақшылар Орал қаласының 32жастағы тұрғынын ұстаған.

«Оның шалбарының қалтасынан 60 грамнан аса героин табылып, тәркіленді», — деді А. Иманғалиев.

Тағы 4 грамм героин күдіктінің үйін тінту барысында оның заттарының арасынан табылды. Күдіктінің Оралдан келіп, Ақтөбеде пәтер жалдап тұратыны анықталды. Ол есірткіні 3 күн сатқан.

Күдікті Орал қаласында нашақор ретінде тіркеуде тұр, бұрын есірткі сақтағаны үшін сотталған.

Бұл факт бойынша ҚР ҚК 259 бабы (есірткі заттарын сақтау және сату) бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Соңғы жаңалықтар