Жол апаты 19 қараша күні Курсант тас жолында, «Машат» ЖШС-не қарама-қарсы жерде орын алды. УАЗ көлігінің жүргізушісі жаяу жүргінші — Қандыағаш қаласының тұрғыны 28 жастағы Қайсар Таубасаровты қағып кетті. Ол Ақтөбе қаласындағы теміржол ауруханасының жансақтау бөліміне жеткізілді.
Ақтөбе облыстық ІІД-нің тергеу басқармасы зардап шеккен азаматтың жақын туыстарын іздестіруде.
Зардап шегушінің туыстары 936-403, 8705-919-5353 телефондарына қоңырау соға алады немесе Ақтөбе облыстық ІІД-нің 403 кабинетіне келуі тиіс.