Ақтөбелік санитарлық дәрігерлер 5 балалар орталығының қызметін тоқтатты
2012 жылдың желтоқсанында облыстың санитарлық қызметі балалардың мектепке дейінгі ұйымдарының 5 нысанының қызметін тоқтатты, деп хабаралады ведомствоның баспасөз қызметінен. |
Атап айтқанда, Ырғыз ауданында жалпы білім беретін мектептерде санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органдарының келісімінсіз шағын орталықтар ашылған.
Ақтөбе қаласындағы «Сюрприз» шағын орталығы да арнайы органдардың санитарлық-эпидемиологиялық қорытындысын алмай жұмыс істеген. «ЖК Жұмағазина» шағын орталығында азық-түліктердің сынамалары алынды. Сараптама олардың санитарлық талаптарға сәйкес келмейтінін көрсетті.
Ырғыз ауданындағы шағын орталықтардың қызметі анықталған бұзушылықтарды жоюға дейін сот шешімімен тоқтатылды. Ақтөбе қаласындағы «Сюрприз» және «ЖК Жұмағазина» шағын орталықтары бойынша материалдар шешім қабылдау үшін сотқа жіберілді.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін