Абай атындағы Қазақ ұлттық университетінің мерейтойына арналған ақындар айтысында Қайырхан Жұбаниязов топ жарды, деп хабарлайды Aktobenews.kz.
Жоғары оқу орнының 90 жылдығына арналған «Менің пірім – Сүйінбай» атты Республикалық суырыпсалма ақындар сайысында ақтөбелік Қайырхан Жұбаниязов бас жүлдені жеңіп алды. Екінші мәрте өткізіліп отырған дәстүрлі айтысқа еліміздің 23 оқу орнынан 40-тан аса студент қатысқан.
Қайырхан қазіргі таңда Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің 3 курс студенті.