Прокуратура өкілі Асылхан Сарсенов Жақсылық Батанов 2016 жылдың 11 қарашасында өзінің пәтерінен «Энергожүйе» ЖШС-ға (Ақтөбе қалалық энергожүйелер кәсіпорыны) қоңырау шалып, ғимаратқа бомба қойылғанын хабарлаған.
Прокурор алдын Жақсылық Батановтың кезінде өзі жұмыс істеген компания әріптестеріне өкпесі бар екенін, мас кезінде терроризм актісі туралы хабарлағанын айтқан. Прокурордың пікірінше, Батанов 5 маусымда болған қарулы шабуылдан әлі естерін жия алмаған қала тұрғындарын одан сайын үрейлендірген.
Батанов сот залында өзінің кінәсін толық мойындап, жазаны жеңілдетуді сұраған.
Сот процесі кезінде "бомба қойылды" деген ақпараттан кейін оқиға орнына 16 көлікпен 43 полиция қызметкері келгені хабарланған. Оқиға орнына төтенше жағдайлар департаменті мен жедел жәрдем қызметкерлері барған. Аталған қызметтің жетекшілері сотталушыдан 400 мың теңге көлемінде өтемақы талап етті. Сотталушы сот шешімі күшіне енген күннен бастап, бір ай ішінде айыппұлды төлеуі тиіс.