Ақтөбенің көліктегі прокуратурасы жалған құжаттармен орналасқан жолсеріктерінің жұмыстан шығарылуына қол жеткізді - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+11 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтөбенің көліктегі прокуратурасы жалған құжаттармен орналасқан жолсеріктерінің жұмыстан шығарылуына қол жеткізді

Ақтөбенің көліктегі прокуратурасы жалған құжаттармен орналасқан жолсеріктерінің жұмыстан шығарылуына қол жеткізді

Ақтөбе. 23 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Ақтөбенің көліктегі прокуратурасы жұмысқа жалған құжаттармен орналасқан бір топ жолсеріктерінің жұмыстан шығарылуына қол жеткізді, деп хабарлады агенттік тілшісі Ақтөбенің көліктегі прокуратурасының көмекшісі Алик Есмағамбетовке сілтеме жасап.

  • 23 Мамыр 2008
  • 488
Фото - Caravan.kz

«Бұл топқа қатысты істер бүгінде сотқа тапсыруға дайындалуда», — деп хабарлады А. Есмағамбетов.

«Сотта олардың қорғаушылары жалған құжаттармен жұмысқа орнасқандарға біздің тарапымыздан айып тағуға негіз болған қылмыстың аса ауыр емес қылмыс екенін және оның құқықтық жауапкершілігі жоқ екенін алға тартты. Ал біз жолаушы вагондарының негізгі құралдары мен бөліктерін білмейтін, өртке қатысты техникалық қауіпсіздік дайындықтарынан өтпеген, тіпті санитарлық минимумды да тапсырмаған осындай мамандар жолаушылардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіруде деген пікірімізді дәлелдедік «, — деп атап өтті А. Есмағамбетов.

Оның сөздері бойынша жолсерік екендігі туралы жалған куәлігі барларға қатысты қозғалған 30 қылмыстық істің жартысы прокуратураның пайдасына шешілді. Сотқа тартылғандар жұмыстан шығарылды.

Бұдан бұрын хабарланғанындай, Батыс өңірінің көліктегі прокуратурасы биылғы жылдың наурыз айында Ақтөбе облысында 100-ге тарта жолсеріктердің жалған құжатпен жұмысқа орналасқандығын анықтаған.

Тексеру кезінде анықталғанындай, олар жұмысқа орналасар алдында Алматыдағы Қазақ жол қатынастары университетінде жолсеріктерді дайындау курстарын бітіргендіктері жөніндегі куәлігін көрсеткен. Ал шын мәнінде бұл оқу орны мұндай теміржол қызметкерлерін дайындамайды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті