Осы бейнероликті көрген «Қайсар» футболшыларының ақтөбелік команданың жанкүйерлеріне деген өкпесі қара қазандай. Қызылордалық команданың капитаны, чехиялық легионер мұндай әдепсіздікке бірінші рет кезігіп отырғанын айтады. Десе де өздерін балағаттаған адамға қатысты ешқандай талап қойған жоқ. Дегенмен, «Ақтөбе» футбол клубының жакүйерлері таспаның қасақана жасалғанына сенімді. Бұл белсенділігімен елге танылған фан-клубтың беделін түсірмекші болғандардың ісі дейді.
Мартен Кляйн, «Қ айсар» ФК капитаны:
-Түркия, Чехия мен Венгрия сияқты елдердің клубтарында ойнадым. Бірақ Ақтөбедегідей жағдайды кезіктірмедім. Шын жанкүйер футбол көруге, қолдау көрсетуге келеді. Ал аузына келгенін айтып, балағаттайындардың ісі – балалық.