ЮНИСЕФ-тің Қазақстандағы өкілі Радослав Ржехак, ОҚО-дағы балалардың АҚТҚ/ЖҚТБ жұқтыру оқиғаларының салдары әлі көпке тарайтындығынан онымен ұлттық деңгейде күресу үшін денсаулық сақтау мен әлеуметтік жүені күшейту керек деп есептейді.
2006-шы жылы Оңтүстік Қазақстан облысында 150-дей бала АҚТҚ вирусын жұқтырғаны белгілі. Олардың көбінің жасы 3-ке толмаған да екен.
ЮНИСЕФ мәліметтерінше қазір елде бұл инфекцияның анадан балаға өтуі өте сирек кездескенімен жыл сайын Қазақстанда 200 бала АҚТҚ инфекцияланған анадан туылады.
«Мәліметтер көрсетіп отырғандай, Қазақстанда АҚТҚ/ЖҚТБ-мен байланысты халықтың мағлұматы өте төмен деңгейде қалып отыр. Қауіпсіз жыныстық қатынас та өте сирек», — деп көрсетілген ақпаратта.
ЮНИСЕФ атап көрсеткендей, жастар мен жас өспірімдер бүкіл елде ЖҚТҚ-ның соңғы кездері жыныстық жолмен берілуінің өсіп отырғанына ұшырасып отыр. Ол әдетте есірткі құмарлардың инесі арқылы берілетін.